Өрт қауіпсіздік сенбілігі!   

Өрт қауіпсіздік сенбілігі!    

«Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу туралы» Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2020 жылғы 7 қазандағы №127 бұйрығына сәйкес, Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлерімен 2020 жылдың 14 қараша күні Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Ү. Есенбеков, С. Сапарбеков және Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі, Т. Рысқұлов, Әл-Фараби, М. Әуезов, Ж. Жабаев, Ш. Дүйсебеков, С. Сейфулин көшелерінің тұрғын үйлері араланып, Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!» және «Көмір қышқыл газынан уланудан сақтану» тақырыптарында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде барлығы 242 тұрғын үй араланып, 761 азамат,  оның ішінде: 1004 жасөспірім үгіттеу-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. 

Арнайы дайындалған 484 дана жадынама парақшасы таратылды. 

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі, Келінтөбе ауылының М. Атабаев, Б.Момышұлы, Әл-Фараби, Т. Бокин, С. Сейфулин, Ш.Дүйсебеков, Ж.Жабаев, Абай, М. Әуезов, С.Алиев, Т.Рысқұлов, Ә. Тәжібаев көшелерінің көп балалы 3 отбасысына,  аз қамтылған 3 отбасыға, 11 жалғыз басты ана отбасысына және мүмкіндігі шектеулі 3 отбасыға және Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылының  Д.Қонаев, Б. Байкенжеев, М. Әуезов, Ш. Уалиханов, Сырдария, Ш. Зареров, Т. Елеусіз, М. Көкенов, З.Мұсаханов көшелерінің аз қамтылған 6 отбасыға, 3 жалғыз басты ана отбасысына және мүмкіндігі шектеулі 1 отбасыларына көмірқышқыл газының автономдық датчигі орнатылды. 

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі