27.02.2026. Сағат 18:30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты _(төмен температурадағы жаңбыр)_ республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1806-2047 шақырым аралығына _(Қызылорда қаласынан бастап Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылына дейін)_ барлық автокөлік түрлеріне шектеу қойылады.