«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 27 желтоқсанда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 күтіледі.
Қызылорда қ.: 27 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.