Суда абай болыңыз!

Суда абай болыңыз!

Құтқарушылар Тобыл өзені бойындағы және Қостанай ауданының ауылдық елді мекендеріндегі басқа да су айдындарында шомылуға жабдықталмаған учаскелерде осы жылы 16 тыйым салу белгісі қойылғанын ЕСКЕРТЕДІ. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен аудандағы өзендер мен көлдердің қауіпті учаскелерінде барлығы осындай 36 белгі орнатылды.
Шомылу маусымы бойы бекітілген кестеге сәйкес құтқарушылар күнделікті рейдтер жүргізеді. ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімімен, еріктілермен өзара іс-қимыл жасайды. Профилактикалық жұмыс барысында азаматтарға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріледі, жадынамалар мен парақшалар таратылады.
1 маусымнан бастап олар су айдындарында 42 рейд ұйымдастырды, оның 15-і ЖПҚ-мен бірлесіп, 1 111 адамға нұсқау берді, 1 200-ден астам жадынама таратылды.
Төтенше жағдайларды болдырмау үшін тұрғындарға жүзу шекаралары белгіленген жабдықталған жағажайлардың аумағында шомылуға кеңес беріледі, ал сүңгуірлер түбін тесетін және кесетін заттардан тазартады.
Құтқарушылар кезекті рет еске салады! Судағы жазатайым оқиғалардың басты себептері: жабдықталмаған жерлерде, алкогольдік масаң күйде шомылу және ата-аналар тарапынан балаларға бақылаудың болмауы болып табылады!
Жазда ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөлуі керек. Себебі көптеген кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен балалар осы ыстық күндері су қоймаларында ересектердің қарауынсыз, соның ішінде құтқарушылар немесе қауіпсіздікті бақылайтын басқа адамдар жоқ жерлерде уақыт өткізеді.

 Қостанай облысының ТЖД
Қостанай ауданының ТЖ бөлімі

 

Қызмет бағыты