Қарағанды облысының құтқарушылары гир спортынан ҚР кубогында үздік нәтиже көрсетті

2024 жылғы 13-16 желтоқсан аралығында Астанада гир спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен мықты атлеттер қатысты. Жарысқа қатысушылар арасында Қарағанды облысы ТЖД өкілдері жоғары нәтиже көрсетті. №22 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Александр Комаров пен оның шәкірті, №28 өрт сөндіру бекетінің азаматтық қорғау кіші сержанты Роман Герасименко турнирдің күміс жүлдегерлері атанды.
Қиын әрі шиеленіскен бәсекеде олар жоғары дайындық деңгейін және табандылықты көрсетіп, лайықты екінші орынды жеңіп алды. Бұл жетістік тек спортшылардың жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қарағанды облысы мен азаматтық қорғау қызметінің мақтанышы болып табылады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі