Акция аясында құтқарушылар қан тапсырды.

Акция аясында құтқарушылар қан тапсырды.

Бүгін Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қан тапсыруға қатысты.

«Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам қызметкері департаменттің ұйымдастыруымен қан тапсыруға қатысты.

Құтқарушылар қан тапсыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық шараларға да, өз бастамаларымен қан тапсыруға да қатысып, жылдар бойы донор болып келеді. Олардың көпшілігі тұрақты донорлар.

Мұндай іс-шараның өткізілуі нағыз құтқарушылардың төтенше жағдайда ғана емес, кез-келген уақытта көмектесуге дайын екенін тағы бір дәлелдейді. Олар қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, мұқтаж жандармен өз қандарын бөлісугеде дайын.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі