Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының «Qarmet» АҚ көмір департаментіне сапары.

Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының «Qarmet» АҚ көмір департаментіне сапары.

Жақында Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы «Qarmet» АҚ көмір департаментінде болды.

Сапар барысында ТЖД қызметкерлері кәсіпорынның диспетчерлік қызметінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік алды. Бұл қызмет шахталардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және кез келген штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюдағы негізгі буын болып табылады. Барлық шахталардың жай-күйі туралы ақпаратқа тікелей қол жеткізу диспетчерлерге қажетті шараларды уақтылы қабылдауға және ықтимал қауіптерді жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге мүмкіндік береді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері «Qarmet» АҚ көмір департаментіне баруы көмір өнеркәсібіндегі қауіпсіздік стандарттарын жақсарту жолындағы маңызды қадам болды. Екі жақтың да кәсібилігі адамдардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында болатын болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы ТЖД