Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап ТЖД жеке құрамымен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» РМҚК, ҚР Қорғаныс Министрлігінің «Астана» РМҚК жеке құрамдары,полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Біз облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін әрбір жауынгерге, қызметкерлерге және командирлерге алғысымызды білдіреміз.
Тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында шамамен 31 мың 460 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде қапшықтарды төсеу және біліктерді салу жалғасуда. Барлығы 933 адам ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ПД ұйымдары жұмылдырылған.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі