Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы өтуіне байланысты кең көлемде үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Еріктілерді, барлық мүдделі органдар мен ұйымдарды тарта отырып, рейдтер, үй аралау, тұрғындармен жиындар, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хабарландырулар жүргізілуде.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Тұрғын үйлердегі өрттердің негізгі себептері - отқа абайсыз қарау, төсекте темекі шегу, сөндірілмеген темекі тұқылы, тамақ пісіру кезінде отты дұрыс қолданбау, қолдан жасалған ақаулы электр жылыту құрылғыларын пайдалану және пештер мен электр желілерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті барлық тұрғындарды келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыздар!
- электр құрылғылары мен желілерінің жарамдылығын қадағалаңыздар!
-бірнеше электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеңіздер!
-тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр аспаптарын пайдаланыңыздар!
- кем дегенде үш айда бір рет мұржаларды күйеден тазартып отырыңыздар!
-пешті қатты қыздырмаңыздар, жарылған жерлерін бітеңіздер!
- пеште немесе оған жақын жерде отын немесе тұрмыстық заттарды кептірмеңіздер, оған жақын жиһаз орнатпаңыздар!
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер, оларға пеш жағуға рұқсат бермеңіздер және сеніп тапсырмаңыздар!
- қарттарға, мүгедектерге, психикалық ауытқулары бар, алкоголизм мен нашақорлықпен ауыратын адамдарға ерекше назар аударыңыздар!
Біз барлық тұрғындарды, қоғам белсенділерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді, блогерлер мен волонтерлерді осы іс-шараларға белсене қатысуға және қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыруға шақырамыз.
Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана төтенше жағдайлардың қаупін және оның зардаптарын барынша азайтуға болады!
Ықтимал өртке әкелуі мүмкін жағдайларда Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші қызметіне 112 немесе 433636, 433737 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.