Елордада RIZAMYZ Qutqarushi фотокөрмесі ашылды

Елордада RIZAMYZ Qutqarushi фотокөрмесі ашылды

29 қыркүйекте елорданың «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне: құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар, өрт сөндірушілер, психологтар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілерге арналған әмбебап фотокөрменің ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, BI Group директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Асхат Омаров, көрме кейіпкерлері, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, тұрғындар қатысты.

Көрме «BI GROUP» Қазақстанның ірі инновациялық холдингінің қолдауымен «RIZAMYZ» әлеуметтік жобасы аясында жыл сайын атап өтілетін кәсіби мереке 19 қазан - Құтқарушылар күні қарсаңында ұйымдастырылуда.

Жалпы көрмеге келушілерге QR коды бар 112 портрет ұсынылатын болады. Олар дүлей зілзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар кезінде адамдарға тәулік бойы көмекке келеді. QR кодты сканерлеу арқылы фотодағы құтқарушылар туралы, олардың жасаған ерліктері жайлы мәліметпен танысуға болады. Олардың арасында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің төрт портреті бар, олар Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері Жандос Курабаев, Әлихан Шардарбеков, Алекс Бородин және жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Бахытжан Есетов.

Көрменің ортасында фотосуреттер арасында QR коды бар қара тақтайша орналастырылған. Осы QR код арқылы rizamyz.com сайтына өтіп, өз өмірін азаматтық қорғау органдарында арнап, өз міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан 11 құтқарушының өмір тарихымен танысуға болады. Олардың арасында 2005 жылы Қарағанды қаласындағы Тернопольская көшесіндегі тұрғын үйдің ауласындағы қосалқы құрылыстарды сөндіру кезінде қаза тапқан әріптесіміз Дмитрий Гревцовта бар.

Көрме 20 қазанға дейін жалғасатын болады.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі