ТЖД қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

4 маусымда елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздері күні атап өтіледі. Қарағандыда Ту таяқшасының алдындағы алаңда Туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті.
Мереке барысында ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері мен белсенді азаматтық ұстанымды ұстанған әрбір жанға Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Марапатталғандардың қатарында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің төрт қызметкері бар.
Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғамды құрудағы жеке еңбек үлесі үшін марапатталды:
- азаматтық қорғау сержанты Нұрбол Акбаров, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- азаматтық қорғау сержанты Рауан Бекайдаров, №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- азаматтық қорғау аға сержанты Бексұлтан Бектұрсынов, №10 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
- азаматтық қорғау старшинасы Александр Соловей, №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлім командирі.
Салтанатты шара мерекелік веложарыс пен автокөлік жарысымен жалғасты.