Шахтинск қаласында кешенді оқу-жаттығу аяқталды

Шахтинск қаласында кешенді оқу-жаттығу аяқталды

2023 жылғы 18-19 мамырда Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласының аумағында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қауіпі төнген және туындаған кездегі билік органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің және халықтың іс-әрекеті» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуларға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, Шахтинск қаласы әкімдігінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия, эвакуациялық іріктеу комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдары жұмылдырылды.

Өткізген кешенді оқу-жаттығудың мақсаты – бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдардың, авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының азаматтық қорғау жүйесінің әртүрлі жұмыс режимдерінде жұмыс жасау,  олардың дағдылары мен іс-әрекеттерін жаттықтыру және арттыру.

Оқу-жаттығулар екі кезеңде азаматтық қорғаудың өңірлік жүйесінің жұмыс істеуінің әртүрлі режимдерін және азаматтық қорғаудың әзірлік дәрежелерін енгізу кезінде қызметтер мен ұйымдардың, азаматтық қорғау бөлімшелері басшыларының практикалық іс-әрекет элементтерін әзірлеумен, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезіндегі ықтимал жағдайларды модельдеумен өткізілді. Азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде азаматтық қорғау органдары, күштері мен құралдары іс-әрекеттерді жүзеге асырды.

Оқу-жаттығу барысында қабылдау эвакуациялау пунктінің дайындығы тексерілді.

Екі күнге созылған командалық-штабтық оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша қаланың барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы бағаланды.