Құтқарушы - мақтанарлық атақ

Құтқарушы - мақтанарлық атақ

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеу аясында азаматтық қорғау старшинасы Ниязбеков Бейбіт "Құтқарушы" төсбелгісімен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 12 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Бейбіт Ниязбеков 2010 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді. Ол өзінің ең жақсы қасиеттерін ең қиын өрттер мен құтқару жұмыстарында бірнеше рет көрсетті.
Оның сауатты жұмысының соңғы мысалдарының бірі 2020 жылдың 30 мамырында Қарағанды қаласында Жекібаев көшесінің бойында болған өрт оқиғасы болды. Шақыру орнына жеткенде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерден өрт шығып, жоғарғы қабаттарда қатты түтін шыққан. Газ-түтіннен қорғау қызметі құрамында Ниязбеков Бейбіт бірден өзіне жүктелген жауынгерлік тапсырманы орындауға кірісті – тұрғындарды түтін басқан пәтерлерден құтқару. Шыдамдылық, төзімділік пен байсалдылық танытқан Бейбіт құтқару қалпақшасын пайдаланып, дүрбелеңге түскен жұртты алып шықты.
№12 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Бейбіт Ниязбеков шешуші іс-қимылдың және өз уақытында жауапкершілікті өз мойнына алудың арқасында 3 адамның өмірін сақтап қалды, оның 2-і балалар болды және өрттің таралуын тоқтатты.


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі