Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылдың 1 тоқсанындағы іс-шаралардың қорытындысын шығарды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылдың 1 тоқсанындағы іс-шаралардың қорытындысын шығарды

19 сәуірде Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде департамент басшысы Мұрат Қатпановтың төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті.

Күн тәртібінде Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның бөлімшелерінің 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары, сондай-ақ тәртіптің, заңдылықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және тәрбие жұмысының жай-күйі мәселелері қарастырылады.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаев, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев, Азаматтық қорғау басқармасының бастығы Мейрамбек Батырқұлов, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Евгений Лохнов және Кадр саясаты басқармасының бастығы Үмбет Каналин өз қызмет бағыттары бойынша баяндама жасады.

2023 жылдың 1 тоқсанында төтенше жағдайларды жою мақсатында ТЖД-мен 1214 жедел шығу жүргізіліп, оның барысында 881 адам құтқарылды, 305 адам эвакуацияланды, 118 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша негізгі жұмыс қысқы кезеңді қауіпсіз өткізуге бағытталды. Тәжірибе негізінде облыс автожолдарының ұзындығы 705 шақырымды құрайтын 590 қар басатын учаскелері күшейтілген бақылауға алынды. Төтенше жағдайлар департаменті қысқы жағдайда жұмысқа 76 жоғары өтімді және инженерлік техника дайындады. Есепті кезеңде қолайсыз жағдайларға байланысты облыстық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысы 62 рет жабылды. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен 32 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, оның барысында 362 адам құтқарылды, 118 адам эвакуацияланды, 175 адам жылу пункттеріне орналастырылды, 110 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Қыс мезгілінде мұз айдынында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД бөлімшелерімен 840 рейдтік және патрульдік іс-шаралар өткізіліп, 6662 адаммен нұсқама жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 2023 жылдың басынан бері облыста алдын алу шараларының ауқымды кешені жүргізілді. Суөткізгіштер мен көпірлерді тазарту, елді мекендерде қар шығару жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен жиындар өткізілді, су басы қауіпі бар өңірлерде рейдтер ұйымдастырылды. Облыстың су айдындарында мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында өзендеріндін 17 учаскесінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Қолайлы температуралық режимге байланысты су тасқыны кезеңі қалыпты режимде өтті.

Есепті кезеңде облыста 121 өрт орын алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға төмен (168 өрт). Өрт салдарынан 17 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, отқа абайсыз қарау болды.

Өрттердің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, материалдық құндылықтарды сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үй секторында 21 мыңнан астам үй-үйді аралау жұмыстарын жүргізді, оларда 53 мың адам қамтылды. Тұрғындармен 149 жиын өткізіліп, 3 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Жиын қорытындысы бойынша қызметті жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы алдағы өрт қауіпті және суға түсу маусымдарын қауіпсіз өткізу шараларына баса назар аударуды тапсырды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі