Облыстағы су тасқыны жағдайы туралы

Облыстағы су тасқыны жағдайы туралы

14 ақпан күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды ​​облысы ТЖ департаменті басшысының орынбасары Ақылбек Ахметжанов пен Қарағанды облысы «Қазгидромет» РМК филиалының гидрология басқармасының басшысы Ілияс Сейтқалиевпен брифинг өтті. Брифингте өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы айтылды.
Қазіргі уақытта Қарағанды ​​облысында жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде. Негізгі дайындық жұмыстары 2022 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде жүргізілді.
Қарағанды ​​қаласындағы ұзындығы 7,2 шақырым болатын Солонка өзенін қалпына келтіру және Осқакаров ауданындағы Ақбастау өзенінің ұзындығы 3,5 шақырымды қалпына келтіру, Нұра өзенін қалпына келтіру сияқты ірі жобалар жүзеге асырылды. Ғ.Мұстафин атындағы елді мекеннің ауданы 4,7 км. болатын қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Бұқар-Жырау ауданында жағалауды бекіту, Нұра өзенінің арнасын тереңдету және Нұра және Соқыр өзендері арқылы өтетін көпірлерді қайта жаңарту бойынша 4 іс-шара жүзеге асырылуда. Бұл елді мекендерді су басу қаупін барынша азайтады.
Бүгінгі таңда 13,9 шақырым қорғаныс бөгеттері мен қорғандары тұрғызылып, нығайтылды, су басу қаупі бар өзендердің 20 шақырым арнасы қалпына келтірілді, 1,8 шақырым су бұру арналары салынды, 17,2 шақырым су бұру жүйелері тазартылды.
«Қалалар мен аудандарда қар шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облыс бойынша шығарылған қар көлемі 850 мың м3 құрайды.
Облыста су басу қаупі бар 149 елді мекен, 99 су басу қаупі бар жол учаскелері, 237 су шаруашылығы нысаны ерекше бақылауға алынды», - деді Ақылбек Ахметжанов.
Қазіргі таңда су басу қаупі бар аумақтардың барлығында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 3440 адамды құрайтын азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің барлық күштері мен құралдары, 1388 бірлік техника жоғары дайындық режиміне қойылды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Қарағанды ​​облысының ТЖД баспасөз қызметі