Су тасқыны кезеңіне дайындық

9 ақпанда Қарағанды облысының әкімі Е. К. Бөлекпаевтың төрағалығымен өңірді су тасқыны кезеңіне дайындау жөніндегі облыстық ТЖ комиссиясының отырысы өтті.
9 ақпанда Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Е.Қ. өңірді су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
«Облыс өңірлерінде өткен 9 жылдағы су тасқынының өтуіне ұзақ мерзімді бақылаулар мен талдаулар негізінде облыстағы елді мекендерді су басу қаупінің болжамды деңгейі (жоғары, орташа, елеусіз) су басу қаупі бар аймақтары анықталды. Деңгейі жоғары аудандарға Қарқаралы, Бұқар Жырау, Шет, Нұра, Абай, Осакаров аудандары жатады. Орташа деңгейге Ақтоғай ауданы, Қарағанды қаласы және Теміртау қаласының маңы және елеусіз деңгейге Балқаш, Приозерск, Шахтинск және Саран қалалары жатады.
Су тасқыны қаупі бар аумақтарда Облыстың 149 елді мекені, автожолдардың 99 учаскесі бақылауға алынды. Елді мекендерден 800 мың м3 қар шығарылды. Жұмыс жалғасуда.",- деді ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.
Көктемгі кезеңдегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жеке құрамның 3 мыңнан астам адамы , 1380 бірлік техника, 65 жүзу құралы, 360 су айдау техникасы бар күштер мен құралдар топтамасын іске қосу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай тұрақты, белсенді су тасқыны процестері байқалмайды, өзендер қысқы режимде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі