Балалар өрт сөндірушілерде қонақта болды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өз балаларына шағын мереке ұйымдастырды.
Қарағанды облысы ТЖД қызметінің негізгі мақсаттарының бірі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету, оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан дәстүрлі түрде жаз қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Қарағанды аумағында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар балалар іс-шараларын өткізеді.
Бүгін Қарағанды қаласының №14 өрт сөндіру бөлімінің аумағында түрлі конкурстар, викториналар, концерттер және басқа да танымдық-ойын-сауық балалар іс-шаралары өтті.
Барлық ойын-сауық барысында 14-ӨСБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тынымсыз бақылап қана қоймай, мерекені өткізуге белсенді қатысты.
Қызметкерлер өз балалары үшін оқыту алаңдарын ұйымдастырды, онда әрбір адам, бала да, ересек адам да өрт сөндірушіге біраз уақытқа өрт сөндірушіге "айналалып", "отты" сөндіріп, нағыз өрт сөндірушілермен бәсекеге түсіп, сондай-ақ жеке қауіпсіздік саласында өз білімдерін көрсете алады.
Сондай-ақ, балалар өрт сөндіру автомобилін жүргізіп, өрт сөндіру-құтқару жабдықтарымен танысып, естелік фотоға түсіп мереке соңында тәтті тағам алды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі