Қарағанды облысының құтқарушылары құлттанған жеті есікті ашты

Қарағанды облысының құтқарушылары құлттанған жеті есікті ашты

     Өткен тәулікте 2 ақпанда ТЖД бөлімшелерімен 12 рет жану жағдайлары және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Оның барысында 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.

     ТЖД құтқарушылары тәулігіне жеті рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шықты. Негізінен көмекке қарттар мен балалар қажет болды.

      Қарағандыда 18 шағын ауданда құтқарушылар үш иінді баспалдақпен балкон арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ашты. 2004 жылы туылған жасөспірім құтқарылды.

     Осы уақытта құтқарушылар Қарағанды қаласы Лободы көшесі мекенжайы бойынша есікті ашуға шықты. Автосаты арқылы терезеден пәтерге кіріп, кіре беріс есікті ашып, 1985 ж. т. ер адам құтқарды.

      Теміртау қаласында құтқарушылар екі есікті ашты. Көмек 1938 жылы туылған әжейге қажет болды.  Құтқарушылар үш иінді баспалдақпен балкон арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ашып, жедел медициналық жәрдем бригадасын ішке кіргізді.

    Осындай жағдайлар 6 шағын ауданда да қайталанды. Қызметкерлер слесарь құралын пайдаланып,сыртқы есікті ашып, 1941 жылы туған әйелді құтқарды.

    Тағы бір оқиға Балқаш қаласында болды. Құтқарушылар автосатылы көлікпен балкон арқылы пәтерге кіріп, 2016 және 2018 жылы туған балаларды құтқарды. Құтқарушылар баланы ата-аналарына тапсырды.

    Құлыпталған пәтерлерді ашу жиі жүргізілетін құтқару операцияларының бірі. Осыған байланысты Қарағанды облысының ТЖД жалғыз тұратын туыстарына, көршілеріне, таныстарына, әсіресе қарт адамдарға немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ, көмек қажет болған жағдайда  "112" немесе "101"телефондары арқылы хабарласуыңызға болатынын еске салады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі