Ақтоғай ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелері тексерілді

31 наурызда Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов Ақтоғай ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады.
Аралау барысында Тоқырауын өзені арнасының бойында орналасқан Жидебай, Ақтоғай, Қуаныш, Сарытерек елді мекендерінің су тасқыны кезеңіне дайындық жағдайы қаралды.
Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақтоғай ауданында келесі іс-шаралар өткізілді. Қызыларай ауылдық округінің Ақжарық ауылында ұзындығы 350 метр "Ақжарық" су қоймасының бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілді. Елді мекеннің өзінде ұзындығы 1000 метр арық тазартылып, кеңейтілді.
Шабанбай би ауылында ұзындығы 40 метр жолды нығайту жұмыстары жүргізілді.
Қараменде би ауылдық округінің Ақтас ауылында ұзындығы 50 метр көпір нығайтылды.
Сондай-ақ, "Нарманбет-Айыртас" автожолында ұзындығы 400 метр жер білігін орнату жұмыстары жүргізілді
2021 жылғы су тасқыны кезеңінде аудан бойынша 5000 қап және 1000 тонна инертті материалдар дайындалды. Елді мекендерден 16 мың текше метр қар шығарылды.
Су тасқыны жағдайын бақылауды облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жүзеге асырады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі