Қарағанды облысында су тасқынына дайындық – бақылауда

Қарағанды облысында су тасқынына дайындық – бақылауда

  2026 жылғы су тасқыны кезеңіне Қарағанды облысының дайындық деңгейін бағалау мақсатында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Асет Жилқайдаров өңірдегі су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралауда.

  Тексеру аясында Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау және Шет аудандарының, сондай-ақ Теміртау және Қарағанды қалаларының су тасқыны қаупі бар елді мекендеріне бару жоспарланған.

  Аралау барысында қорғаныс бөгеттерінің, өзен арналарының, су бұру арналарының және гидротехникалық құрылыстардың жағдайы бағалануда. Анықталған әрбір фактор бойынша ықтимал салдардың алдын алуға бағытталған жедел шешімдер қабылданады.

Қарағанды облысы ТЖД

 
Қызмет бағыты

Байланысты материалдар: