Халық қауіпсіздігі жолында еңбегі еленген еріктілер

Халықаралық еріктілер күнінде Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері №2 оқушылар сарайымен бірлесіп, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға белсене қатысқан еріктілерді салтанатты түрде марапаттады.
Еріктілер төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарды: қыс мезгілінде боран кезінде, жұқа мұзда, өрт қауіпсіздігі шараларында және шомылу маусымында, сондай-ақ «Қауіпсіз терезе» және «Қауіпсіз балалық шақ» акциялары барысында көмек көрсетті.
Қарағанды облысы ТЖД орынбасары, подполковник Қайрат Мейірбекұлы Жанаспаев олардың қоғам қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін сегіз белсенді еріктіге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Барлық еріктілерге еңбектері, бастамашылдығы және қамқорлығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Қарағанды облысы ТЖД
Байланысты материалдар:
23017 наурыз 2021Қарағанды облысының ТЖД