В детском саду «Нуршуак» проведены агитационные мероприятия.

Құтқарушылардың жұмысының ең үлкен көлемінің бірі - білім беру және балалардың бос уақытын өткізу мекемелерінің оқытушылар құрамымен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Басты міндет – мектеп және балабақша мекемелерінің ұстаздарына, тәрбиешілері мен басқа да қызметкерлері үшін нұсқаулық өткізу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды болдырмау мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндіру.
Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың 11 наурызында «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында болып, өздерінің кезекті үгіт-насихат шараларын өткізіп қайтты.
Шара барысында, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білу, балаларды эвакуациялауды қалай жүргізу керектігі және туындаған жағдай бойынша өрт сөндіру бөлімшелеріне хабарлау қажет екендігі айтылды.
Сондай-ақ, ғимараттан эвакуациялау жұмысын ұйымдастыру және жүргізу бағытында практикалық іс-әрекеттер пысықталды.
Шара соңында «Нұршуақ» балабақшасының ұжымы өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін жетілдіруге көмектескені үшін алғыстарын білдірді.
Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімі