25 тамыз күні сағат 16.08-де Атырау облысы полиция департаментінің кезекшісінен Жайық өзенінде ер адам мен баланың суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келген құтқарушылар сағат 16.16-дан 1995 ж.т. ер адамды (әкесін) және 2013 ж.т. баланы (ұлын) іздестіре бастады. Олар суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен. Сағат 16.35-те ТЖ департаментінің күшімен ер адамның денесі табылып, судан шығарылды, сағат 18.44-те баланың денесі табылды. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖ департаментінің 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылды. «Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»
Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/atyrauda-akesi-balasymen-birge-zhajyqqa-batyp-ketti/