Меню

Страницы

Статья

АМӨЗ-де не болып жатыр? Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/amoez-de-ne-bolyp-zhatyr/

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. 10 тамызда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де шартты өртті сөндіру бойынша «Резервуарлық парктердегі өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Бұл туралы «Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы» хабарлады. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – жағдайды сыртқы белгісі бойынша бағалау, барлау жүргізу, шешуші бағытты айқындау, жоғары шақыру нөмірі бойынша күштер мен құралдарды қарсы алуды ұйымдастыру және орналастыру бойынша бірінші өрт сөндіру басшысының іс-қимылын пысықтау. Оқу-жаттығудың шарты бойынша мұнай өндіру және тасымалдау резервуарлық паркінің (тік болат резервуар) бу-ауа қоспасының жарылысы болып, резервуардың төбесінің толық ұшып кетіп, барлық бос бетінде мұнай өнімінің тұтануы орын алды. Шартты өрт оқиғасы орнына Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтұқару жұмыстары қызметі» ММ басшылығы, №1 МӨСБ, №3 ӨСБ, №4 ӨСБ, №13 МӨСБ өрт сөндіру бөлімдері келіп жетеді. Оқу-жаттығуға Атырау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің 59 қызметкері мен 5 техникасы, «Медикер» ЖШС-нің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, «АМӨЗ» ЖШС объектілерін күзету бойынша Өрт сөндіру бөлімінің 75 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың практикалық бөлігі аяқталғаннан кейін объект әкімшілігімен бірлесіп, оған егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының жұмысын, іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Барлық тараптардың өкілдері бірлескен оқу-жаттығуларға оң баға берді. Оқу-жаттығудың барлық қатысушылары алға қойылған міндетті жоғары деңгейде орындады.


Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/amoez-de-ne-bolyp-zhatyr/

Дата публикации
15 августа 2022
Дата обновления
15 августа 2022
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Служба ЧС информирует
10 февраля 2024
🔴 Внимание: закрытие дороги!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Экстренная информация
21 ноября 2023
штормовое предупреждение на 22.11.23г

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы