Меню

Страницы

Статья

Өңірде өрт өршіп тұр… Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/oenirde-ort-orship-tur/

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары соңғы кезде өңірде өрт оқиғалары күрт көбейіп кеткенін айтып, тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақыруда. Мәселен, 6 тамызда сағат 16.00-де Атырау қаласы, Ақжайық ауылы Нұржанов көшесінде уақытша тұрғын үй (времянка) өртенген. Оқиға тоқ қорапшасының қысқаша тұйықталу салдарынан орын алған. Тілсіз жау көрші орналасқан  бір қабатты тұрғын үйдің төбесіне көшкен. Оны ауыздықтауға 16 қызметкер мен төрт техника жұмылдырылды. Абырой болғанда, қызыл жалын дер кезінде сөндіріліп, одан әрі жайылып кетуіне жол берілмеді. Келесі күні сағат 03.25-те Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылдық округі, Ғ.Есенгалиев көшесіндегі екі үйдің ауласында шөп жиналған қора отқа оранды. Салдарынан 47 рулоншөп жанып кетті. Сөйтіп, түн ортасында тұтанған өрт таңда ғана сөндірілді. Оған «Семсер» ЖШС қызметкерлері де атсалысты. Осы күні сағат 18.04-те Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, №45 «а» мекен-жайында орналасқан «Sulpak» тұрмыстық техника мен электроника дүкенінің қоқыс аумағы өртенді. Оған ғимарат сыртындағы салқындатқыштың тоқ жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бірақ, бұл қауіпсіздік шараларына жеңіл қарауға болады деген сөз емес. Мамандар әсіресе жаз мезгілінде өте абай болу керектігін ескертеді. Әділет ҚАНАТҰЛЫ


Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/oenirde-ort-orship-tur/

Дата публикации
09 августа 2022
Дата обновления
09 августа 2022
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Служба ЧС информирует
10 февраля 2024
🔴 Внимание: закрытие дороги!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Экстренная информация
21 ноября 2023
штормовое предупреждение на 22.11.23г

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы