Меню

Страницы

Статья

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/atyrau-oblysynda-zhyl-basynan-beri-8-adam-suga-batyp-ketti_a3945353

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, суға кету дерегі биылғы 22 қаңтарда тіркелген. «Жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар. Биылғы 22 қаңтарында 9 жасар бала Атырау қаласындағы «Перетаска» каналында мұз астына түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Ал, 4 маусымда Жылыой ауданының Жем ауылдық округінде 2009 жылғы жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде суға түсіп, батып кетті», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 2020 жылы 17 адам, оның 4 бала суға түсу кезінде көз жұмған. Ал, былтыр 28 адамның ажалы судан болған. Оның ішінде 10 бала бар. «Өткен жылғы 1 маусым-31 тамыз аралығындағы суға шомылу маусымы кезінде Атырау қаласында 11, Махамбет ауданында 4, Жылыойда – 2, Құрманғазыда – 2, Индер ауданында 2 қайғылы оқиға тіркелді. Жүргізілген талдауға сәйкес суға батып кетудің бірнеше себебі анықталып отыр. Мәселен, 4 адам тыйым салынған жерде суға түскен. Суға құлаудың салдарынан 10 адам жантәсілім етті. Мас күйде шомылып жүрген 4 адам көз жұмды. Ал, ересектердің қарауынсыз жүрген 10 бала суға батып кетті. Құтқарушылар 4 адамды құтқарып қалды. Оның 4 бала бар», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан. Бүгін, 16 маусымда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы жағажайда ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген 20-дан астам кәмелетке толмаған баланы анықтады. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында биылғы бес айда 5 адам суға батып кеткенін хабарлаған едік.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/atyrau-oblysynda-zhyl-basynan-beri-8-adam-suga-batyp-ketti_a3945353

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Служба ЧС информирует
10 февраля 2024
🔴 Внимание: закрытие дороги!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Экстренная информация
21 ноября 2023
штормовое предупреждение на 22.11.23г

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы