Меню

Страницы

Статья

Жайықтың жағасында не болып жатыр? Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/zhajyqtyn-zhagasynda-ne-bolyp-zhatyr/

Жайық өзені бойында бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. 2022 жылғы 8 маусымда Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен, сондай-ақ жергілікті «Атырау» телеарнасының өкілдерімен бірге Атырау қаласының қауіпті учаскелері бойынша профилактикалық іс-шара жүргізді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күн сайын күшейтілген режимде профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Күн сайынғы алдын алу іс – шараларының мақсаты – Атырау қаласының тұрғындарына судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салу. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Атырау облысы бойынша 28 адам суға кеткен болатын (оның ішінде 10 бала). 2022 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 8 адам суға кету оқиғасы тіркеліп отыр. (оның ішінде 2 бала). Алайда, құтқарушылардың ескертулері, судағы қайғылы оқиғалар туралы ақпараттар тұрғындарды тоқтатар емес, адамдар қайтадан сол жабайы жағажай маңына демалалуға барады. «Рұқсат етілмеген жерлерге суға шомылуды адамдар бәрібір қоймайды, осындай күнделікті профилактикалық іс-шаралардың пайдасы тиіп, ең болмағанда біреуі түсінер, екінші біреулерді төтенше жағдайлардан сақтап қалар  үміттенеміз. Әсіресе балалар – басты назарда. Сондықтан жағалауда ересектердің қарауынсыз жүрген балалармен қосымша жеке әңгімелесулер жүргізуге тырысамыз.»,-деп атап өтті Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Арман Сәрсенбаев. Атырау қаласы бойынша бүгінгі таңда 2 ресми жағажай жұмыс істейді, бұл «Луч» және «Малибу» жағажайлары. Атырау қаласы бойынша 125 «жабайы жағажайлар» анықталып отыр,  бул жерлерде суға түсу өте қауіпті. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мас күйінде суға түспеуге, су айдындарында жалғыз демалмауға, рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуге және ең бастысы балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады!


Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/qogam/zhajyqtyn-zhagasynda-ne-bolyp-zhatyr/

Дата публикации
09 июня 2022
Дата обновления
09 июня 2022
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Служба ЧС информирует
10 февраля 2024
🔴 Внимание: закрытие дороги!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Экстренная информация
21 ноября 2023
штормовое предупреждение на 22.11.23г

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы