«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында ауданы 9 га қамыс өртенді. Бұл туралы
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Өртті сағат 08.00-де сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің №1 Мамандырылған
өрт сөндіру бөлімі (1 қызметкер,1 бірлік техника), Жедел-құтқару жасағы (1 құтқарушы,
Трэкол), №4 Өрт сөндіру бөлімі (6 қызметкер, 1 бірлік техника), АШ-7 (автомобиль штабной) (3
қызметкер 1 бірлік техника), Солтүстік Каспий экологиялық шұғыл әрекет ету базасы (4
қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
https://aikyn.kz/193064/ak-zhayykta-9-gektar-kamys-ortendi/