Меню

Страницы

Статья

Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнынан 3 баланың денесі табылды

Атырау облысы Махамбет ауданында бума шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. 2021 жылдың 5 қазанында сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына №11 ӨСБ өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілген. Алайда, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған 3 баланың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмысына ТЖД 11 қызметкері, 3 техника, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.


 https://www.inform.kz/kz/atyrau-oblysynda-pishen-ortenip-okiga-ornynan-3-balanyn-denesi-tabyldy_a3845297?fbclid=IwAR2sGVUPV9w57OVb0PxcQlPmoxGFKQc-2FuCbG_6TJxYzgPcc40dS5BjlVY

Дата публикации
06 октября 2021
Дата обновления
21 октября 2021
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Служба ЧС информирует
10 февраля 2024
🔴 Внимание: закрытие дороги!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Экстренная информация
21 ноября 2023
штормовое предупреждение на 22.11.23г

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы