Меню

Страницы

Статья

Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, көлік өрті кеше, 20 қыркүйекте сағат 18:42 шамасында болған. «Департаменттің диспетчерлік пультіне «Атырау-Индер» тас жолындағы Бесікті ауылының тұсында жанар-жағармай тасымалдайтын көлік өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сыйымдылығы 23 тонналық жүк көлігінің кабинасы толық өртенгенін анықтады. Жалын сағат 19:09-да оқшауланып, сағат 19:13-те сөндірілді. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 8 қызметкері мен 2 көлігі жұмылдырылды. Көліктің өртенуіне электр жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тұрғын үйдің шатыры, кейіннен екі қабатты мансардты үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


 https://www.inform.kz/kz/atyrau-oblysynda-zhanarmay-tasymaldaytyn-kolik-ortendi_a3839182?fbclid=IwAR3HnXgKKXGy3d1yEXMf4-GdnedmAq6EQ-YUnT3npf-KeOY2uaTL6ft249s

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Служба ЧС информирует
10 февраля 2024
🔴 Внимание: закрытие дороги!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Экстренная информация
21 ноября 2023
штормовое предупреждение на 22.11.23г

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы