Атырауда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 1 гектар аумағы өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өрт бүгін сағат 14:47 минут шамасында тұтанған.
«Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 1 гектар аумағында өрт шықты. Еркінқала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 20 шақырым қашықтықта құрғақ шөп пен қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 5 қызметкер мен 1 техника, «Ақжайық» резерватынан 35 қызметкер, 2, сондай-ақ, 4 жүзу құралы, 4 мотосорғыш жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жағалаудағы өрт сағат 16:30 минутта оқшауланып, сағат 17:00-де толық сөндірілген.
https://azattyq-ruhy.kz/news/28210-atyrauda-memlekettik-tabigi-rezervat-ortendi?fbclid=IwAR3keCd4N6g4C6Y3xhx-BXrc4kLEbgLG3MIhsSWg2OEA2oNmfcoqHPxHNjI