2021 жылдың 11 наурызы күні Исатай аудандық Полиция бөлімінің қызметкері Қ.Мақсотовтан Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылдық округі, Жасқайрат ауылына қарасты «Бекетай» қыстағынан «Сахипова» ШҚ-ның малшысы 1960 жылы туған аз. Шамиев Алтай 10 наурыз күні 15 сағат 30 минутта мал бағып шыққаннан кері оралмағандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен іздестіру жұмыстары 2021 жылдың 11 наурызы сағат 22-30-дан бастап басталды.
Жұмылдырылған іздестіру тобының күшімен Қазбек, Дос ата, Омар, Хасен, Мырзақұл, Тұяқ ағаш, Мұса ағаш, Нарөлген, Бекетай, Аққұдық, Ерғали, Папина ағашы, Есен қара, Қаңбақты, Бекайдар қыстақтарына іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін радиусы 150-200 шақырымды қамтитын жерлерде іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 16 наурызы күні «КазАвиаҚұтқару» АҚ-ы Батыс Атырау филиалының тік ұшағы жұмылдырылып, Индер ауданының Қосжыңғыл, Жылқауыл, Қоштай қыстақтарын қамти отырып, шекаралас орналасқан Батыс Қазақстан облысының Жаңқала ауданына дейін жоғарыдан ұшу арқылы іздестіру жұмыстары жүргізіліп, ешқандай нәтиже бермеді. Тік ұшақ жұмылдырылған бұл іздестіру радиусы 180 шақырымды қамтыды.
Іздестіру жұмыстарына: Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 4 бірлік жеке құрам, жол талғамайтын 1 бірлік «ТРЭКОЛ» автокөлігі, аудандық Полиция бөлімінен 2 бірлік «НИВА» автокөлігімен, 6 бірлік қызметкер, туыстарынан 9 адам, 2 бірлік техника және тік ұшақ пен «ДРОН» ушу аппараты жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда.