«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 25 ақпан 20.00 сағаттан бастап 26 ақпан сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында жаяу бұрқасы,тұман мен көктайғақ күтілуде.
Анықтама: жаяу бұрқасы бірнеше метр биіктікте ауа қабатында қарды тасымалдайды. Тік көріну қалыпты деңгейде қалады, бірақ көкжиек нашар көрінеді. Жел 9 м/с жылдамдық қажет етуі мүмкін.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Қатты жаяу бұрқасын кезіндегі сақтық шаралары:
- көшеге шықпаңыз, түнде және ауа-райы ншарлаған кезде жолға шықпаңыз;
- жеке автокөлікпен қала бойынша сапарлардан аулақ болыңыз;
- ағаштардан, түрліқауіптіқұрылымдардан (көпірлер, эстакадалар, құбырлар, электржелілері, ықтималқауіптіөнеркәсіптікнысандардан) аулақболыңыз);
- құрылыстардың үстіне ілінген конструкциялар мен заттардың бөліктерінен, электр беру желілерінің үзілген сымдарынан, сынған шыныдан және басқа да қауіптілік көздерінен сақ болыңыз.
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:
- ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
- жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
- жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
- жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;
Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:
- жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.
-құлап қалсаңыз тез тұруға асықпаңыз, ешқандай жарақаттың жоғына көз жеткізіңіз. Тұра алмай қалған немесе жарақаталған жағдайда айналаңыздан көмек сұраңыз.
-жарақаталған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз. Көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз. Бұл өте маңызды.
-сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық қадамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз. Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.