Елордалық өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» өтті

Астанада Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне мектеп оқушылары экскурсияға келіп, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты.
Олар өрт сөндіру техникасының негізгі түрлерімен, құрал-жабдықтармен және жалпы салмағы 20 келіден асатын жауынгерлік киімдермен танысып, өрт сөндірушілердің киімдерін киіп бір сәтке өздерін өрт сөндіруші болып сезініп көрді.
Сондай-ақ, экскурсия барысында азаматтық қорғау саласында офицерлерді дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі