Астаналық контрреттегішке шолу жасалды

05 наурызда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-министрі Е.С. Нұрпейісов Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасарымен бірлесіп, Астана контрреттегіші бойынша шолу жүргізді.
Аралау барысында вице-министр су тасқыны жағдайымен танысты, ал "Қазсушар" РМК Ақмола филиалымен су тасқынын қабылдауға дайындық туралы айтылды. Е. С. Нұрпейісов аралау қатысушыларымен бірлесіп су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту жөнінде ұсыныстар берді.
Бүгінгі күні елордалық коммуналдық қызметтер қаладан 5,7 млн. текше метрден астам қар шығарды, 33 мыңнан астам сызықтық метр арық-науа желісі, 2360 сызықтық метр коллекторлар, 1087 дана қарау және жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды, 1070 сызықтық метр құбырлар буланды.
Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы