Құтқарушылардың "Қазқұтқару-2022" оқу-жаттығуына дайындығы тексерілді

Құтқарушылардың "Қазқұтқару-2022" оқу-жаттығуына дайындығы тексерілді

Ағымдағы жылдың 7-20 қыркүйек аралығында Алматы облысында ел басшылығының қатысуымен "Қазқұтқару-2022" кешенді тактикалық оқу-жаттығуы жоспарланған. Елордалық құтқару бөлімшелерінің дайындығын тексеру шеңберінде Департамент бастығының орынбасары полковник Д.Ш. Алдабеков жеке құрамның, авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарының саптық байқауын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің аталған оқу-жаттығуларына ТЖД құтқару бөлімшелерінің жеке құрамынан 14 адам және 4 бірлік техникасы қатысады.

 Өткізілген байқау қорытындысы бойынша полковник Д.Ш. Алдабеков жеке құрамға алдағы оқу-жаттығуларға тиісті дайындық шеңберінде кәсіби дағдыларын жетілдіруге, оқу-жаттығу кезеңінде қауіпсіздік техникасын, әскери тәртіпті сақтауға, сондай-ақ техника мен жабдықтарды тиісінше пайдалануға қатысты тапсырмалар берді.

Қызмет бағыты