Елордада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Жыл сайын суық ауа райы басталысымен және жылыту маусымы жақындаған кезде, адамдардың өрттен қаза болуы мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында Департамент жеке тұрғын үй секторын аралау арқылы алдын алу іс - шараларын жүргізеді, ол 3 кезеңге бөлінеді (1 кезең-15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; 2 кезең-15 қыркүйектен 15 қазаннан дейін, 3 кезең – 15 қазаннан бастап жылыту кезеңінің соңына дейін), оның шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралау арқылы рейдтер жүргізеді, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Аралау барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштардың орнатылуына аса басты назар аударады. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады.
Департаменттің бастамасы бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңін өткізу кезінде әлеуметтік қорғау, әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ, «Dauletten» қайырымдылық қорымен және т.б. өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралау жоспарланған. Бұл санаттағы адамдарға ерекше назар аудару міндетті болып табылады, өйткені дәл осы санаттағы адамдар әрдайым өз үйлерін өрт қауіпсіздігі жағдайына аса назар аудару мүмкіндіктері бола бермейді.
Аралау барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштарының дұрыс орнатылуына басты назар аударылады. Пештер мен мұржаларды орнату кезінде дұрыс орнатылмаған болса үй иелеріне оларды жою бойынша ұсынымдар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады. Себебі пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау тек жылдың жылы мезгілінде ғана мүмкін болатыны белгілі.