Нұр-Сұлтан қаласының оқу орталығында практикалық сабақ өткізілді

Өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы аясында, ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Нұр-Сұлтан қаласының оқу орталығы ТЖ алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Б. Бейсенқановпен бірлесіп, Астана контр реттегішінде көшпелі сабақ ұйымдастырды. Бауыржан Бейсенқанұлы құрылыстың ұзындығы 31 км, бөгеттің биіктігі 10 метрді құрайтын қорғаныс бөгеті бар екенін айтты. Бұл су тасқынын жобалық көлемі 450 млн текше метр ұстап тұруға мүмкіндік береді. Контрреттегіш қаланың су тасқынынан қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Көшпелі оқыту қорытындысы бойынша Бауыржан Бейсенқанұлы сәттілік тілеп, алған білімің тәжірибелік қызметте пайдалы болуын тіледі.