Елордалық құтқарушылары өрт сөндіру кезінде үш газ баллон шығарып, бір адамды ажалдан құтқарып қалды

Өткен, 2 мамыр демалыс күні құтқарушылар 15-тен аса өрт сөндіру және құтқару операциялары бойынша шығу жасаған. Осылайша, 2 мамыр сағат 12:36 минутта Қобыз көшесі бойында орналасқан үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша бірнеше бөлме ретінде уақытша салынған құрылымның шатыры мен төбе жабыны өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт орнынан 3 газ баллоны сыртқа шығарылған. Осылайша, құтұарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрттің ары қарай таралуы мен газ балонының жарылу қаупі болған жоқ. Бақытымызға орай зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Құтқарушылардың кезекті шығу түнгі мезгілде орын алған. Сағат 22:22 де "Арқар" көпірінде бір адамның суға секіру жолымен өзіне өзі қол жұмсау қаупі бойынша келіп түскен шақыртуға шықты. Құтқарушылардың кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында 1988 жылы туған азамат АЛ-32 автосатысының көмегімен қауіпсіз жерге жеткізіліп, одан әрі Полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылған.
Құрметті тұрғындар! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Төтенше жағдай туындағанда 101, 112 нөміріне хабарласыңыздар!