Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрамамен кездесу

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрамамен кездесу

18 ақпанда Елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша елордалық құрамамен кездесті.
Елордалық өрт сөндіру құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командасы 2022 жылғы 21-26 ақпан аралығында Өскемен қаласында өтетін ХХХ-шы ерлер, VIII-ші әйелдер және VII жасөспірімдер арасында өтетін чемпионатта бақ сынайды. Елордалық гарнизонның намысын 12 спортшы құрамында ерлер, әрқайсысында 7 спортшы құрамында әйелдер және жасөспірім командасы қорғайды.
Кездесу барысында команданың чемпионатқа кәсіби және рухани  дайындығы, ұйымдастырушылық мәселелері пысықталып, елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев алдағы жарыста жеңіс тіледі.
Елордалық спортшыларға сәттілік тілейміз!