Елімізде азаматтық қорғау органдарының құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі

2021 жылғы 21 желтоқсанда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған.
Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету - тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электрдабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирі арқылы хабарлау, интернет-ресурстары мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жоспарланған.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу қажет , апат туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпараттарды оқып шығу керек.
Сонымен қатар, қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.
Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.