Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік туралы

Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік туралы

Жылдың әр түрлі кезеңдерінің өз қауіп-қатері болады және  әр адам оған дайын болуы қажет,сонымен қатар қалай әрекет ету қажеттігін білуі  керек. Әдетте, қысқы кезеңде көктайғақ пен үсікке байланысты жарақаттардың, адамдардың қарлы боран мен бұрқасыннан жоғалып кетуі, адамдар мен техниканың мұз астына түсіп кету жағдайлары көп орын алатыны жоққа шығарылмайды. Мұндай жағдайларға тап болмас үшін, қала сыртына өз автокөлігіңізбен шығуды жоспарлаған кезде әрдайым бірнеше күн бұрын ауа-райын бақылауды ескере отырып, байланыс құралдары, жылы киімдер мен дәрі-дәрмектерді міндетті түрде өзіңізбен алып жүру қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті бүгінгі күні қысқы кезеңдегі ТЖ туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін құрамында 875 адам  және 503 бірлік құтқару, медициналық және инженерлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын бекіте отырып, қаланың қар басатын 16 учаскесі бар ахуалдық карта қалыптастырды, 1000 орындық  (Теміржол вокзалы, автовокзал, қала мектептерінің спорт залдары) зардап шеккендерді уақытша орналастырудың 13 пункті дайындыққа келтірілді. Шекара маңындағы өңірлердің жедел қызметтері арасындағы ауа райы жағдайы нашарлаған кезде уақтылы хабардар ету және шаралар қабылдау бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында республикалық автокөлік  жолдарында (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары) Қозғалысты жабу және шектеу жөніндегі өзара іс-қимыл жоспары келісілді.

Өткен қысқы кезеңде азаматтардың дауылды ескертулері мен автожолдардағы қозғалыстың шектеулерін елемеуіне байланысты азаматтардың айналма жолдарды пайдалану фактілері және қар құрсауында техниканың қалу салдарынан адамдардың өз өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төндіргенін  атап өткім келеді.   Осыған байланысты Департамент азаматтарға қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау және өз өміріне қауіп төндірмеу қажеттігі туралы тағы да еске салады, себебі суық ауа райы басталған кезде азаматтармен жүріп-тұру жолында болатын жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Ауа райы жағдайының нашарлауы  кезінде біз халыққа SMS-тарату, БАҚ, әлеуметтік желілер (nursultan_tjd), телеграм-арна (112-Nur-Sultan), "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы дауылды ескертулер жеткіземіз.

Құрметті азаматтар, қысқы жолдарда сақ болыңыздар! Дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс қашықтықтағы жолдарға шығудан  бас тартуды ұсынамыз. Жүргізушілерге жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалау қажет. Өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндіруге жол бермеңіз!

Төтенше жағдай туындаған кезде дереу "112" нөміріне қоңырау шалыңыз!