Құрметті демалысқа шығарып салды

Бүгін елордалық ТЖД бастығы Базарбаев Қуанар Бекенұлы және Департаменттің жеке құрамы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Құсайынов Айдар Ермекұлын құрметті демалысқа шығарып салды. Атқарған еңбегі үшін Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.А. Мирсалимова «Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл» медалімен марапаттады.
Өрттің алдын алу және мемлекеттік өрт бақылау саласыныңең үздік маманыАйдар Кұсайынов1974жылы Солтүстік Қазақстан облысы,Шалақын ауданы,Сухарабовка ауылында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам қызмет етті.
Атқарған ерен еңбегі менмінсіз және үздік қызметі үшін «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ және ІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған.
Айдар Ермекұлын құрметті демалысқа шығуымен құттықтаймыз және өмірдің жаңа кезеңінде сәттілік, табыс, рух сергектігі мен амандық тілейміз!