Елордалық өрт сөндірушілер құрғақ ағаштардың жануын жойды

Елордалық өрт сөндірушілер құрғақ ағаштардың жануын жойды

18 сәуірде сағат 21-19-да Нұр-Cұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері құрғақ  ағаштардың жанып жатқаны туралы келіп түскен хабарлама бойынша шықты. Жеке құрамнан 30 адам, 6 бірлік техника, сондай-ақ қала әкімдігінің 4 жуу (ЖК) көлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс жасады. Өртті сөндіру қатты екпінді желмен күрделене түсті, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт сағат 22.16-да  сәтті ауыздықталып, 23.07-де толығымен жойылды.
Өрттің алдын ала аумағы 2 га құрады, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қызмет бағыты