Әйелдер құрамына арналған ресурстық сергіту және эмоциялық тепе-теңдік
Кәсіби шаршаудың алдын алу мақсатында Астана қаласы ТЖД психологтары әйелдер құрамына арналған жылы әрі ресурстық тренинг өткізді және іс-шара эмоциялық сергітуге және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталды.
Кездесу барысында қатысушылар психологиялық ойындарға қатысып, МАК-карталармен жұмыс жасады, өз мандалаларын құрастырды, сондай-ақ бой жазып, тынығуға арналған тәжірибелерге терең бойлады. Қолданылған әрбір әдіс қатысушыларға өз сезімдеріне жаңаша көзқараспен қарауға, ішкі шиеленісті төмендетуге және жеңіл әрі терең эмоциялық жаңғыруды сезінуге мүмкіндік берді.
