«BATYR TEAM» СК елордалық құтқарушылары волейболдан қала чемпиондары
«BATYR TEAM» СК қамқорлығымен Астана қаласы ТЖД қызметкерлері «Ерлер арасындағы волейбол әуесқойлары лигасының» чемпиондары атанды.
Бір ай уақыт ішінде өткен турнир айналма жүйе бойынша өтті, оған қаланың ең мықты 8 командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД 7-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Дулат Серікұлы Рзатаев турнирдің үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, әуесқойлар арасында волейболды дамытуға қосқан үлесі үшін Астана қаласы ТЖД 5-МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Олжас Мирамгалиевич Құрманбаев Астана қаласының «Экстрим» волейбол клубының алғыс хатымен және төсбелгісімен марапатталды.
