Астана қаласы ТЖД басшылығы №8 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының күрделі жөндеу барысымен танысты
Астана қалалық гарнизонының бастығы Марат Күлдіков №8 өрт сөндіру бөліміне барып, ғимаратта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында департамент бастығы құрылыс жұмыстарының ағымдағы жағдайымен танысып, ішкі бөлмелерді, ғимараттың қасбетін және іргелес аумақты аралап шықты. Ерекше назар құрылыс нормаларының сақталуына, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына және олардың мерзімінде аяқталуына аударылды.
Бүгінгі күні жылу торабын орнату, жылыту радиаторларын қою, аула аумағында асфальт жабындысын төсеу және жиек тастарды орнату жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ су құбыры мен кәріз жүйелерін тарту, футбол алаңының жабындысын жасау жұмыстары орындалған.
Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау және слабота жүйелерін (өрт сөндіру дабылы, бейнебақылау, уақыт жүйесі, дауыс зорайтқыш байланысы) орнату, ғимараттың қасбетін сайдингпен қаптау, өрт техникасына арналған бокстарда еденге төсем жасау және қақпа ойықтарын қалау жұмыстары жалғасуда.
Марат Күлдіков күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы жеке құрамның қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасап, бөлімшенің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
