Астанада азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жалғасуда
Елордалық Департаментте материалдық-техникалық базаны бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Департаменттің оқу орталығында енді "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын, заңды тұлғалардың басшыларын, сондай-ақ тұрақты әрекет етуші сынақ комиссиясы мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік қызметі жетілдірілген мамандандырылған сыныбында өткізілетін болады.
Оқу сыныптарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи компьютерлік техника және емтихан өткізу барысын бақылау құралдарымен жабдықталды. Емтихан тапсырушыларға қолайлы жағдай жасалды.
Астана қаласының ТЖД мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жыл басынан бастап 700 астам осындай қызметтер көрсетілді.
