Алматинский пожарный награжден государственной наградой Айбын III степени

Алматинский пожарный награжден государственной наградой  Айбын III степени

 Республика күніне орай Президент Жарлығымен батырлық ерлігі және мінсіз қызметі үшін:

Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының инженері Мухпул Ильяр Бахтиярұлы Рақымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Мәселен, үстіміздегі жылғы  24 ақпанда  в 19 сағат: 43 минутта   КҚЖБО инженері Мухпул Ильяр Алматы қаласының бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратында орын алған өрт кезінде ашық от, қою түтін, жоғары температура, нөлдік көріну жағдайында команда алып, жағдайды бағалап, барлау тобын басқарып, өз өмірін қауіпке тігіп, ғимарат ішінде қалған сервис қызметкерін іздеу-құтқару жұмысына кірісті. Зардап шеккен адамды есінен танған күйінде тауып алып, оған уақтылы шұғыл көмек көрсетті, жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Кейін зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Осылайша наградталған құтқарушы жалын мен түтін арасында қалған адамдарды уақтылы эвакуациялап, оларды өлім ауызынан құтқарды.