Екі егіз - бір таңдау

Ануарбеков Ербол Бауыржанұлы, Ануарбеков Нұрбол Бауыржанұлы бір саланың маман иелелері.
Ануарбеков Ербол қазіргі таңда Алматы қаласы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының аға инспекторы лауазымында жұмыс атқарады. Ерболдың айтуынша өзінің атқарып жатқан қызметінің басты міндеттерінің бірі қызметтік тәртіптін ұстануын қамтамасыз ету және патриот сезімін оятып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жоғары деңгейде жүргізу деп санайды.
Ануарбеков Нұрбол қазіргі таңда Алатау ауданының ТЖБ аға инженері лауазымында қызмет атқарады. Жұмысының басты мақстаты аудандағы өрттің азаюына ықпалын тигізіп, халыққа кандайда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу.
Ербол мен Нұрбол 2018 ж. Көкшетау техникалық институтына бірге оқуға түсіп, курсанттық өмірді бірге көріп талай қызықтарды бастан кешірген. Екі егіздің бір мамандықты таңдап, бір-біріне қолдау көрсете білген жақын бауырлар ретінде білеміз.
2022 жылы оқуын тәмамдап, қазіргі таңда азаматтық қорғау органдарының дамуына үлес қосып, Төтенше жағдайлар саласының алдын алуына ықпалын тигізуде.
Егіздердің ұстанатын ұстанымдары әрқашанда елімізге адал қызмет атқарып, берілген жұмысты нақты және тиянақты орындау!